Облыс орталығы – Тараз қаласы.

Облыс аумағында 10 аудан, 4 облыстық бағыныстағы қала, 367 ауыл бар.

Қала тарихы. Тараз – Қазақстандағы ескі қалалардың бірі. Ол – 2002 жылы өзінің 2000 жылдық мерейтойын атап өтті. Ерте замандарда Тараз қаласын «Көпестер қаласы» деп атады. Жазба деректерде, Тараз қаласы VI ғасырдан бастап белгілі. 568 жылы Түріктің Дизабул- Истими қағанының қол астында болған Византия императоры Юстиниан II-нің Земарх Киликиский бастаған елшілігі Тараз қаласына келді. Тараз – Ұлы Жібек Жолында үлкен рөл атқарған. Сол кезден бастап Тараз – шығыстың белгілі қаласына айналды. Тараз – Түргеш, кейіннен Қарлұқ қағанатының орталығы болған. X Облыс орталығы – Тараз қаласы.-XII ғғ. Тараз қаласында үлкен үйлер, су жолдары мен моншалар салынды. Ескі Тараз қалашығынан ешнәрсе қалмаған. Оның орнына қазіргі заманға сай құрылыстар тұрғызылып жатыр. Бұрын, Наманғаннан шыққандар тұрғандықтан, «Наманған-Коче» деп аталса, 1856 жылы «Әулие-Ата» деп өзгертілді. Қалада ортағасырлық сәулет өнерінің ескерткіштері сақталған.

Тарихи тамыры тым тереңде жатқан халқымыздың ежелден бергі өткен жолын көрсететін ескерткіштер Жамбыл облысында, оның орталығы Тараз қаласында біршама баршылық. Әулиеата-Қарахан, Айшабибі, Бабәжіқатын, Бәйдібек баба, Төле би, Қарасай батыр, Қойгелді батыр, Өтеген батыр Облыс орталығы – Тараз қаласы., Сыпатай батыр, Байзақ датқа, Жамбыл Жабаев, Тұрар Рысқұлов, Қарымбай Қошмамбетов, Бауыржан Момышұлы, Ағәділ Суханбаев, Дінмұхамед Қонаев, Қайрат Рысқұлбеков ескерткіштері және басқа да белгілер сан ғасырлық тарихымызды тануда, жастарға патриоттық тәрбие беруде маңызды қызмет атқарып отырғанына ешкім де таласпайды


documentadftuuj.html
documentadfucer.html
documentadfujoz.html
documentadfuqzh.html
documentadfuyjp.html
Документ Облыс орталығы – Тараз қаласы.